Қоғам

Талғар ауданында тандыр нан сататын ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты

Алматы облысының Талғар ауданындағы Ақтас ауылында тандыр нан сатып жүрген ер адам қаза тапты.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адамның арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге пышақпен екі рет соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Алған жарақатынан ер адам көз жұмды.

Полиция күдікті ретінде 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі