Қоғам

Елордада қоғамдық орында шалбарын шешкен ер адам жауапқа тартылды

Елордадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешкен.

Фото: полиция

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Оның Өскемен қаласының тұрғыны, 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев екені белгілі болды. Өз әрекетімен ол айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.

Аталған ер адам ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдары сотқа жолданды.

Сайт Әкімшілігі