Қоғам

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Сенат депутаттары Президенттің ұсынысымен жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты.

Фото: из открытых источников

Сенаттың жалпы отырысында жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шип Президенттің ұсынысын жариялады. Оған сәйкес, жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов судья қызметінің шекті жасы - 65-ке келді. Осыған байланысты оны судья қызметінен босату ұсынылды.

Таймерденов сот саласында 19 жылдан астам уақыт қызмет етті. Соның ішінде 4 жыл жоғарғы сот судьясы болды.

Сенаторлар Президенттің ұсынысын қолдап, Таймерденовті судья қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

Т. РАУШАНҰЛЫ