Трамптың ұлдарымен байланысты компания Қазақстандағы вольфрам кен орындарын игеруге $400 млн сұрады
Құны $1,6 млрд болатын жобаға қатысып отырған Cove Kaz Capital компаниясы Қазақстандағы вольфрам кен орындарын игермек.
Financial Times мәліметінше, компания қосымша қаржыландыруды Пентагонның Стратегиялық капитал басқармасынан сұраған.
Cove Kaz Capital Дональд Трамптың ұлы Дональд Трамп-кіші және Эрик Трамппен байланысты. Компанияға «Солтүстік Қатпар» және «Жоғарғы Қайрақты» жобаларының 70%-ы тиесілі.
Басылымның жазуынша, қосымша $400 млн кен орындарын игеру жұмыстарын жеделдетуге бағытталмақ. Бұған дейін бұл бастаманы АҚШ президенті Дональд Трамп, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және сауда министрі Говард Лютник тікелей қолдайтыны айтылған еді.