Қоғам

Пхукетте қазақстандық турист қарасора ұрлады деген күдікпен ұсталды

Таиландтың Пхукет аралында Қазақстан азаматы қарасора сататын дүкеннен өнім ұрлады деген күдікпен ұсталды.

Фото: видео-скрин

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға 24 шілде күні Патонг ауданында болған. Дүкендегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбада ер адамның сатушы қосалқы бөлмеде болған сәтті пайдаланып, сөреден қарасора салынған банканы алып, дүкеннен шығып кеткені көрінеді. Оқиғаға куә болған екі сатып алушы болғанымен, олар ер адамның әрекетіне араласпаған.

Кейін күдіктіні Таиланд полициясы анықтап, ұстады.

Полицияның мәліметінше, ұсталғаннан кейін қазақстандық турист дүкен иесінен және Таиланд тұрғындарынан кешірім сұраған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Пхукет турист