Саясат

Санжар Боқаевтың қамау мерзімі тағы ұзартылды

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты саясаттанушы әрі белсенді Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 2026 жылғы 18 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов мәлімдеді.

Фото: qazpolit.org

Еске салайық, Санжар Боқаев наурыз айында ұсталып, кейін екі айға тергеу изоляторына қамалған болатын.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол аса ірі көлемде қаржы жымқыруға, жалған ақпарат таратуға және Алматыдағы Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Бұған дейін Бас прокуратура Боқаевтың табысы төмен адамдарды жалдап, оларға ағаш кесу мен құрылыс нысандарындағы мүлікті ұрлағаны үшін ақша төлегенін, кейін қоғамда резонанс тудыру мақсатында бұл әрекеттердің видеоларын әлеуметтік желілерде жариялағанын мәлімдеген еді.

Сайт Әкімшілігі