Қоғам

Қазақстанға 200 адам жалған құжатпен кірмек болған

Жыл басынан бері Қазақстанның мемлекеттік шекарасын жалған немесе бөгде адамның құжатымен кесіп өтудің 200 әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Фото: ҰҚК

Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың жеке деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланған. Мұндай заңсыз әрекеттер көбіне елдің оңтүстік шекара учаскелерінде және халықаралық әуе рейстерінде анықталған.

Салыстырсақ, 2025 жылы жалған және бөтен құжаттарды пайдалануға қатысты 661 құқық бұзушылық тіркелген. ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған немесе өзгенің құжатымен кесіп өту Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тек заңды құжаттарды пайдалануға және шекарадан өту кезінде көші-қон талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Сайт Әкімшілігі