Қоғам

Польшада роботтар жасанды интеллектке қарсы наразылыққа шықты

Польша астанасы Варшавада жасанды интеллект пен автоматтандыруға қарсы ерекше акция өтті.

Фото: ашық дереккөз

Шамамен 30 робот елдің Цифрлық істер министрлігі ғимаратының алдына шығып, наразылық білдірді.

Роботтар шеруге қатысып, қолдарына жалаушалар ұстап, алаңда шеңбер бойымен жүрді. Олар «Жұмыс орындарын қорғайық» және «Ереженің уақыты келді» деген ұрандар айтты.

Акцияны Democratism бастамасы ұйымдастырған. Ұйым өкілдері бұл шара арқылы жасанды интеллект пен автоматтандырудың адамның физикалық және интеллектуалдық еңбегін ығыстыру қаупіне назар аударуды көздеген.

Белсенділер жасанды интеллектіні қолдану мен автоматтандыру саласында қатаңырақ ережелер енгізу қажеттігін көтерді.

Сайт Әкімшілігі