Қоғам

Оралда белсенді Маруа Ескендірова 25 тәулікке қамалды

Белсендінің қамалуына "әлеуметтік желідегі митингіге шақырған жазбасы" түрткі болған, деп жазды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Ескендірованың өзі көрсетілген Facebook-аккаунтты ұялы телефонын ұрлап алғаннан бері – кейінгі екі жылда мүлдем қолданбағанын мәлімдеді. Айтуынша, хаттамаға түрткі болған жазбаны өзге адам жазған және ол тек белсендіні белгілеген (тегтеу). Сол үшін жазба белсендінің парақшасында шығып тұр.

Белсенді Ескендірованың адвокаты сот шешіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді.

 

Сайт Әкімшілігі