Қоғам

1,5 млн долларды алаяқтық жолмен алған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан елге экстрадицияланды.

Фото: Бас прокуратура

Оны Қазақстанға жеткізу жұмыстарын Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырған.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2023 жылғы қараша-желтоқсан аралығында Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлік нысанын сататынын айтып, жәбірленушіні алдап, одан 1,5 миллион АҚШ долларын иемденген.

Оқиғадан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылғы желтоқсанда ол Грузия аумағында ұсталған. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде күдікті елге экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалған.

Аталған қылмысты жасағаны сотта дәлелденген жағдайда, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі