Қоғам

Қазақстанда былтыр 649 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Мәжіліске Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі ұсынылды.

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның айтуынша, ел бюджетінде 335 млрд теңге көлемінде тапшылық қалыптасқан. Оның сөзінше, Қазақстан бюджеті әлі де Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге тәуелді болып отыр.

Сондай-ақ 2025 жылдың қорытындысы бойынша 278 млрд теңге игерілмеген. Оның ішінде 243 млрд теңге қаржыландырудың жеткіліксіз болуына байланысты пайдаланылмай қалған.

Бұдан бөлек, өткен жылы республикалық бюджетке сегіз рет өзгеріс енгізілген. Депутаттар енді мұндай жиі түзетулердің себептерін жан-жақты талдамақ.

Сайт Әкімшілігі