Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды
Шымкент қалалық полициясы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Енді тараптар іс материалдарымен толық танысу кезеңіне кірісті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қорғаушы тарап пен марқұмның туыстары қылмыстық істің алғашқы жеті томымен танысып шыққан.
Заң талаптарына сәйкес, материалдармен толық танысу аяқталғаннан кейін іс прокуратураға жолданады. Қадағалаушы орган барлық құжаттарды зерделеп, келісім берген жағдайда, қылмыстық іс сот қарауына жіберіледі.
Қазіргі таңда іс бойынша өзге процессуалдық мәліметтер жарияланған жоқ. Тергеу органдары сотқа дейінгі рәсімдердің заң аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті.