Қоғам

«Даму» қорының атын жамылып, азаматтардан ақша алған ер адам сотталды

Астанада азаматтарға «Даму» қорының бағдарламасы арқылы 100 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып беруге уәде берген алаяқ сотталды.

Фото: из открытых источников

Сот материалдарына сәйкес, ер адам жәбірленушілерден әрқайсысы 1 млн теңгеден алған. Ол азаматтармен консалтингтік қызмет көрсету туралы жалған шарттар жасап, осылайша оларды алдаған.

Осы әрекеттің салдарынан үш азаматқа келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгені құрады.

Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сайт Әкімшілігі