Қанатбек Жайсанбаев «Халық кеңесі» төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.