Қоғам

Алматы облысында мұғалімге шабуыл жасаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылы мектебіндегі жанжалдың видеосы тараған болатын.

Фото: видео-скрин

Полиция мәліметінше, оқиға биыл 20 қаңтарда болған.

Алматы облысы полиция департаменті ер адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Оқиғадан кейін жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Қазір тергеушілер жанжалдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полицияның хабарлауынша, сот шешімінен кейін іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолдануы мүмкін. Онда оқушыны профилактикалық есепке қою мәселесі қаралады.

Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасының әрекетіне де құқықтық баға берілетіні айтылды.

Сайт Әкімшілігі