Тед Тёрнер 87 жасында қайтыс болды
Американың жетекші CNN телеарнасының негізін қалаушы, тележурналистикада тәулік бойы жаңалық тарату форматын енгізген Тед Тёрнер 87 жасында өмірден өтті.
Ол медиа саласындағы қызметін 24 жасында бастаған. Магнат 1980 жылғы 1 маусымда әлемдегі алғашқы тәулік бойы жаңалық тарататын CNN телеарнасының негізін қалап, медиа индустриясында жаңа дәуір ашты.
Сол кезде жаңалықтарды тек белгілі бір уақытта көрсететін телеарналар үшін бұл өте инновациялық шешім саналды. Кейін бұл формат бүкіл әлемге тарады.
Сонымен қатар Тёрнер TBS, TNT, Cartoon Network арналарының да негізін қалаған. Ол кабельдік телевидениеде революция жасады.
Бұдан бөлек, Тёрнер Atlanta Braves клубының иесі болды. Команда 1995 жылы оның басқаруымен Әлемдік серияда жеңіске жеткен.
Тёрнер яхташы, меценат әрі табиғат жанашыры ретінде де танылды. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымына 1 миллиард доллар қайырымдылық жасап, әлемдегі ең ірі жеке бизон табынының иесі болған.
«CNN – өмірімдегі ең үлкен жетістік», – деген Тёрнер 1996 жылы өз арнасын Warner Bros. Discovery компаниясына сатқан.
Дональд Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында қазіргі CNN арнасы Тёрнер ұстанған құндылықтардың мүлде қарама-қарсысына айналғанын айтты.
Трамптың сөзінше, Тед Тёрнер телерадио тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі болған.