Қоғам

Астанада тегін далап үшін жүздеген адам кезекке тұрды

Астанадағы кофеханалардың бірінің алдында Sen Sulu брендімен бірлесіп ұйымдастырылған акция кезінде ұзын-сонар кезек пайда болды.

Фото: полиция

Акция шарты бойынша арнайы сусын сатып алғандарға ерінге арналған жылтыр далап сыйға берілетіні жарияланған. Сыйлық алуға келген тұрғындардың қарасы көбейіп, кофехана алдында жүздеген адам жиналған.

Кезекте тұрған тұрғындардың видеолары әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Астана полициясының мәліметінше, акцияны ұйымдастырушы жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Sen Sulu Астана