Әлеумет

Қазақстанда жалақы бойынша берешек 41 пайызға қысқарды

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс берушілердің жалақы бойынша берешегі айтарлықтай қысқарды.

Фото: из открытых источников

Соңғы алты айда жалақы бойынша берешек көлемі 876,1 миллион теңгеден 515 миллион теңгеге дейінтөмендеді. Осылайша, мерзімі өткен берешек 361,1 миллион теңгеге, яғни 41,2 пайызға азайды.

Жалақыны уақытылы төлеу – еңбек заңнамасында бекітілген негізгі кепілдіктердің бірі. Сондықтан азаматтардың адал еңбегі үшін тиесілі қаражатты уақытында алу құқығын қорғау мемлекет үшін басым бағыт болып қала береді.

Қазіргі таңда мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмысы тек келіп түскен шағымдарды қараумен шектелмейді. Сондай-ақ жалақы бойынша берешек туындау қаупі бар кәсіпорындарды алдын ала анықтауға және мұндай жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр.

Сайт Әкімшілігі