Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті
Қазақстан Иранға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген 30 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды KazAID.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, Иран Ислам Республикасына темір жол арқылы тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер тиелген 30 вагон гуманитарлық жүк жөнелтті.
Гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі.
KazAID өкілдерінің айтуынша, Қазақстан халқының Иран еліне көрсеткен қолдауы екі мемлекет арасындағы достық, тату көршілік және өзара көмек қағидаттарының айғағы болып саналады.