21 жыл бұрын жасалған кісі өлімі ашылды: екі күдікті ұсталды
Астанада 21 жыл бұрын жасалған кісі өліміне қатысты қылмыс ашылды. Полиция архивтегі істі қайта қарап, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адамды анықтаған.
Polisia.kz мәліметінше, 2005 жылы елорда аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда сол кезде қылмысты ашуға қажетті дәлелдер жеткіліксіз болғандықтан, істің мән-жайы толық анықталмаған.
Биыл полиция қызметкерлері бұрынғы қылмыстық істі қайта зерделеп, жаңа жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде қылмысқа қатысы болуы мүмкін Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.
Күдіктілер тамыз айында ұсталған. Полицияның мәліметінше, олар өз кінәсін мойындаған. Қазір екі күдікті де қамауда отыр.
«Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталуда.