Қоғам

Ұзынағаш маңындағы қоқыс полигонында өрт шықты

Бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданында, Ұзынағаш ауылының шығаберісіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты.

Фото: ТЖМ

Полигонның кейбір учаскелерінде қоқыс 3–5 метр тереңдікке дейін жиналған. Бұл өртті толық сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Қазір өрттің таралуына жол бермеу үшін жанбаған қалдықтар арнайы техника көмегімен жанып жатқан аумақтардан оқшаулануда. Өрт ошақтарына су құю жұмыстары да жүргізіліп жатыр.Сумен қамтамасыз ету арнайы су жеткізу арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар тиегіштер мен самосвалдар арқылы қалдықтар басқа жерге көшіріліп, инертті материалдармен жабылуда.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және ҚР ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімінен 10 адам мен 7 техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрт 300 шаршы метр аумақта оқшауланды. Оны толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: өрт Ұзынағаш