Әлеумет

Виктор Орбан Венгрия парламентіндегі депутаттық мандаттан бас тартты

Орбан Фидес / Христианско-демократиялық халық партия (ХДХП) парламент сайлауында жеңіліс тапқаннан кейін, жаңа шақырылым парламентінің жұмысына қатыспайтынын мәлімдеді. Ол бұл шешімін  әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Фото: из открытых источников

Саясаткердің айтуынша, өзі коалицияның басты кандидаты ретінде алған мандат шын мәнінде «Фидес» партиясының мандаты болып саналады. Сондықтан ол одан бас тартуды жөн көрген.

«Қазір мен парламентте емес, ұлттық қозғалысты қайта ұйымдастыру ісінде қажетпін», – деді Орбан.

Оның сөзінше, Венгрия парламентіндегі «Фидес»/ХДХП фракциясының жаңа жетекшісі болып Гергей Гуяш тағайындалады. Бұған дейін ол премьер-министр кеңсесін басқарған.

Сонымен қатар, Орбан партия төрағасы қызметінде қала беруге ниетті екенін айтты. Бұл мәселе маусым айында өтетін партия съезінде талқыланады.

Сайт Әкімшілігі