Қоғам

Қазақстанда болашақ дәрігерлердің оқу мерзімін 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды

Бұл бастаманы депутаттар ұсынып отыр. Олардың пікірінше, қазіргі білім беру жүйесінде теориялық білім басым болғанымен, студенттерге жеткілікті деңгейде тәжірибелік дағды берілмейді.

Фото: из открытых источников

Қазіргі таңда медицина студенттері 6 жыл білім алып, одан кейін шамамен жарты жыл интернатурадан өтеді. Алайда осы кезеңде олардың толыққанды мәртебесі болмайды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, интерндердің медициналық жүйелерге қолжетімділігі шектеулі, сондықтан олар емдеу процесіне толық қатыса алмайды. Нәтижесінде түлектер еңбек нарығына бірден дайын болмай шығады. Жұмысқа орналасу үшін олар міндетті түрде 2–4 жылға созылатын резидентураға түсуі тиіс. Алайда гранттардың аздығынан көпшілігі ақылы негізде оқуға мәжбүр.

Осыған байланысты Парламентте 6 жылдық теориялық оқуды сақтай отырып, оған ауруханалар базасында өтетін толыққанды 7-ші практикалық жыл енгізу ұсынылуда.

Сайт Әкімшілігі