Оқиғалар

Алматыдағы Lamiya тұрғын үй кешеніндегі өрттен 6 жастағы қыз қаза тапты

Алматыдағы Lamiya тұрғын үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны екі адамға жетті. Бұған дейін өрт салдарынан бір әйелдің көз жұмғаны хабарланған болатын.

Фото: Pixabay

Тұрғындардың айтуынша, өрт кезінде подъезді түтін тез басып қалған. Кейбір тұрғындар балаларды қауіпсіз жерге шығару үшін оларды бір қабаттан екіншісіне жайма арқылы түсіруге мәжбүр болған.

Кей адамдар пәтерлерінде қалып, сыртқа шыға алмай қалған.

Тұрғындардың сөзінше, құтқарушыларды күткен екі қыз жатын бөлмеден тапқан дымқыл киім мен сүлгіні пайдаланып, түтіннен қорғанған. Осылайша олар құтқарушылар келгенше аман қалған.

Өрттің шығу себебі мен қайғылы оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі