Өңір

Қазақстандық «Qaitadan» халықаралық фестивальдің Гран-приін жеңіп алды

Қырғызстан астанасында IV Бішкек халықаралық кинофестивалі өтті.Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары ұсынылған Орталық Азия байқауы ұйымдастырылды.

Фото: gov.kz

Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық «Qaitadan» фильмі «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді

«Qaitadan» соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.

Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат – STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Qaitadan Гран-при