Перуашев тағы да «Штрафстан» деген сөзі үшін кешірім сұрады
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бір жыл бұрын Қазақстанды «Штрафстан» деп атағаны үшін кешірім сұрағанын еске салды. Оның айтуынша, бұл сөзді орынсыз қолданған.
«Парламент мәдениетті сөйлеп, дөрекі сөздерден аулақ болуы керек. Кеше Президент мені ғана емес, басқа да азаматтарды сынға алды. Біз Мемлекет басшысының сынын қабылдап, жұмысымызды жалғастыруымыз қажет. Қазақстан – өркениетті мемлекет, Штрафстан емес», - деді депутат журналистерге.
Бұл тақырып кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» және «Айыппұлстан» деп атағандарды тағы да сынға алғаннан кейін қайта көтерілді.