Саясат

Трамп: Иранға небәрі үш күн қалды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, елдің мұнай инфрақұрылымына соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті.

Фото: AP

Бұл туралы Fox News хабарлады.

Трамптың айтуынша, теңіздегі блокада және мұнай экспортындағы қиындықтар салдарынан Иранның энергетикалық жүйесі күйреу шегіне жеткен. Оның болжамынша, алдағы үш күн ішінде жағдай күрт ушығып, инфрақұрылым «жарылуы мүмкін».

Ақ үй басшысы келіссөздердегі басымдық АҚШ жағында екенін де атап өтті.

 «Барлық көзір АҚШ-тың қолында», — деді ол.

Сондай-ақ Трамп АҚШ енді Пәкістанға Иранмен келіссөз жүргізу үшін делегация жібермейтінін мәлімдеді. Егер Тегеран диалогты жалғастырғысы келсе, олардың өкілдері АҚШ-қа келуі немесе байланысқа өздері шығуы тиіс екенін айтты.

Сайт Әкімшілігі