Әлеумет

Ақтөбеде 92 мың доллар пара дауына қатысты экс-шенеунік 10 жылға сотталды

Ақтөбе облысында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің екі қызметкері сотталды.

Фото: ашық дереккөз

 Жедел басқарма басшысының орынбасары болған Дәулет Сарин парақорлыққа делдал болды деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал аға тергеуші Ермек Махамбетов 10 жылға сотталды.

Сот мәліметінше, Махамбетовке Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылып, кінәсі толық дәлелденген. Сондай-ақ одан 2 млн теңге моральдық өтемақы мен 778 500 теңге көлеміндегі заңгер шығыны өндірілетін болды.

Екі сотталушы да енді өмір бойы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет ете алмайды.

Сот үкімімен жәбірленушіге 1600 доллар қайтарылып, іс материалындағы 90 100 жалған доллар жойылатын болды.

Сот отырысы өткен зал сотталушылардың туыстарына лық толған.

Сайт Әкімшілігі