Бокстан әлем чемпионы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілікті
Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Әйелдің сіңлісінің айтуынша, спортшы ұзақ жылдар бойы әпкесіне күш көрсетіп келген.
Оның сөзінше, соңғы жанжал кезінде келтірілген соққыдан кейін әйел ес-түссіз қалып, миының ісінуі мен басқа да ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен.
Аталған жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.