Қоғам

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болды

Президент Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Осыған дейін Аида Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарған.

Сайт Әкімшілігі