Қазақстанда ойын бизнесі бюджетке 25 млрд теңге салық төлеген
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстандағы ойын бизнесі бюджетке 25 млрд теңге салық аударған. Оның 10,6 млрд теңгесі Алматы облысының бюджетіне түскен.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, соңғы екі жарым жылда сала мемлекетке 184,7 млрд теңге салық төлесе, оның 53,8 млрд теңгесі Алматы облысына бағытталған.
Қазір Қонаев қаласында 21 ойын мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматтары залы бар. Бұл салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді.
Билік өкілдерінің айтуынша, ойын бизнесі салық түсімдерін арттырып қана қоймай, туризмнің дамуына да ықпал етеді. Ресми дерекке сәйкес, казиноға келушілердің шамамен әрбір бесіншісі – шетел азаматы.