Саясат

Қайрат Боранбаевтың бизнес-серіктесіне іздеу жарияланды

Алматыда құрылыс компаниясының басшысы іздестіріліп жатыр.

Фото: kz.kursiv.media

Қазақстан Ішкі істер министрлігі NEF Qazaqstan компаниясының басшысы Тарык Волкан Оскайдың іздеуде екенін хабарлады. Қылмыстық іс 2024 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласында тіркелген.

Тарык Волкан Оскай — NEF Qazaqstan құрылыс компаниясының бас директоры. Аталмыш компания тұрғын үй мен коммерциялық ғимараттарды салу бағытында жұмыс істейді.

2022 жылы Astana International Exchange (AIX) алаңында NEF Qazaqstan компаниясы 6 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы облигацияларын орналастырғанын хабарлаған еді. Алайда, 2023 жылы компания алғаш рет AIX-та дефолтқа ұшырады — 4 миллиард теңгеден астам негізгі қарыз бен 402 миллион теңге көлеміндегі купондық төлемді өтеу алмады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тарык Волкан