Саясат

Венесуэланың бұрынғы президенті Мадуроға қатысты сот келесі жылы басталуы мүмкін

Алдын ала мәлімет бойынша, федералдық судья Николас Мадуроға қатысты сот процесінің басталуын 2027 жылғы 1 маусымға белгіледі.

Фото: Global Look Press/Keystone Press Agency

Федералдық прокурорлар мен Мадуроның адвокаттары бұл кестені «шынайы мерзім» деп бағалағанымен, құпия ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне байланысты өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты.

Судья барлық процессуалдық мәселелерді маусымға дейін толық шешуге күмән келтірді.

Ал экс-президенттің қорғаушылары сотты істің барысы туралы тұрақты түрде хабардар етіп отыруға уәде берген.

Сайт Әкімшілігі