Қоғам

«Балам үйге аш әрі көгерген күйде келетін»: Атыраулық ана балабақша үстінен шағымданды

Атырау қаласының тұрғыны жекеменшік балабақша қызметкерлерін бір жасар баласына қатыгездік көрсетті деп айыптады.

Фото: видео-скрин

Ананың сөзінше, бейнебақылау камераларындағы жазбаларда тәрбиешілердің сәбиді қолынан дөрекі тартып, жерге құлатып, ұзақ уақыт қараусыз қалдырғаны көрінеді. Сондай-ақ оның айтуынша, бала балабақшадан үйге бірнеше рет аш күйде, жылап және денесінде көгерген іздермен оралған.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісімен қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі