Қоғам

Шымкентте әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан азамат 7 тәулікке қамауға алынды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та балағат сөздер айтып, қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзған азамат анықталды.

Фото: ашық дереккөзден

Тексеру барысында құқық бұзушының Қызылорда облысының тумасы, 23 жастағы Нұрболсын Жақсылық екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сайт Әкімшілігі