Әлеумет

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда ресми жұмыс істей алады

Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа тетік енгізілмек. Қазақстан Кореяның шетелдік жұмысшыларды қабылдауға арналған EPS (Employment Permit System) жүйесіне қосылды.

Фото: ашық дереккөз

Бұл жүйе арқылы қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы жұмыс орындарына мемлекеттік тәртіппен ресми түрде орналаса алады. Жұмысшыларды қабылдау рәсімін 2028 жылдан бастап бастау жоспарланып отыр.

Оған дейін Қазақстанда үміткерлердің корей тілін білу деңгейін анықтайтын арнайы тестілеу орталығы құрылмақ. Жүйе іске қосылғаннан кейін жұмысқа орналасу рәсімі белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды қазірден сақ болуға шақырды. Себебі бағдарлама әлі толық іске қосылған жоқ.

Сондықтан Оңтүстік Кореяға «кепілді жұмысқа орналастырамыз» деп ақша сұрайтын делдалдарға сеніп, қаражат бермеу қажет.

Сайт Әкімшілігі