Қоғам

1 шілдеден бастап аулаға көлік қоюға тыйым салына ма? ІІМ түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үйлердің ауласында көлік құралдарын қоюға тыйым салатын нормалар енгізілетіні туралы ақпарат таралуда.

gov.kz

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі бұл мәселеге қатысты Жол жүрісі қағидаларына ешқандай өзгерістер енгізілмегенін түсіндірді.

Ведомствоның түсіндіруінше, көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою тәртібіне қатысты Жол жүрісі қағидаларына ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Сондықтан жүргізушілер үшін бұрыннан қолданыстағы талаптар күшінде қалады.

Сонымен қатар министрлік көліктерді гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға әрі тоқтатуға тыйым салынатынын еске салды. Бұл норма бұған дейін де қолданыста болған.

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға, өзара құрмет танытып, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ ведомство балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Ата-аналарға балалардың көшедегі жүріс-тұрысын бақылап, жолдың жүру бөлігінде және басқа да қауіпті орындарда ойнауға болмайтынын түсіндіру ұсынылды.

Сайт Әкімшілігі