Қоғам

Өскеменде жол ережесін бұзған той кортежі тоқтатылды

Сәтбаев даңғылында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған той кортежін анықтады.

Фото: полиция

Бейнежазбада кортеж құрамындағы көліктердің бірінде жолаушылардың қозғалыс кезінде терезеден бастары мен денелерін шығарғаны көрінеді. Мұндай әрекет жолаушылардың өздеріне ғана емес, жолдағы басқа да адамдарға қауіп төндіреді. Сонымен қатар көліктердің бірінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Бес адам ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі бойынша, тағы бір жүргізуші осы баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сайт Әкімшілігі