Қоғам

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі мен еңбек көші-қоны тәртібі қайта қаралады

Парламент Мәжілісі Сенат депутаттары бастамашы болған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Фото: ашық дереккөзден

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлігінде заң жобасы Білім министрлігіне ТжКБ ұйымдары үшін жалпыға міндетті модульдерді әзірлеу және бекіту туралы құзырет беру көзделген. Сондай-ақ жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тарту ұсынылып отыр. Кәсіптік біліктілікті растау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі функцияларды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру ұсынылады.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылардың құрамына аккредиттеу органдарының орнына жұмыскерлер өкілдерін қосу жоспарлануда.

Түзетулердің жеке блогы көші-қон саясатына қатысты. Азаматтарды жұмыс күші артық өңірлерден еңбек тапшылығы бар өңірлерге өз еркімен көшіру тәртібін нақтылау ұсынылады. Сонымен қатар еңбек делдалдығы саласындағы бақылау күшейеді. 

Сайт Әкімшілігі