Өскеменде кезекшілік кезінде жоғалып кеткен сарбаз іздестіріліп жатыр
Өскеменде мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаздың жоғалып кетуіне байланысты іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2004 жылы туған Мархан Айқын Ерланұлы 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында №27943 әскери бөліміндегі қару-жарақ және оқ-дәрі қоймасында кезекшілікте болған. Осы уақытта ол әскери бөлім аумағынан белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Қазір сарбазды әскери полиция мен құзырлы органдар іздестіріп жатыр. Оның жүрген жері туралы нақты ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы берілетіні хабарланды.
Белгілері: бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі орташа, шашы мен көзі қара түсті, бетінде меңдері бар. Әскери киімін ауыстырып, азаматтық киіммен жүруі мүмкін.