17 жыл жасырынған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғызстан Республикасынан ұйымдасқан қылмыстық топпен ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Тергеумен күдікті 2007-2008 жж. Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болып, қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам ақшаны көрінеу қайтарусыз несие беру арқылы ұрлағаны анықталды. Алынған ақша оның мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсаттарына пайдаланылған. Қылмыс жасағаннан кейін ҰҚТ мүшесінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты олхалықаралық іздеуге жарияланған.
2026 жылғы ақпанда ол Бішкектеұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.