Қоғам

Әкімдік гранттарына өтініш қабылдау басталды

Қазақстан өңірлерінде әкімдіктер бөлетін мемлекеттік білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды. Биыл жергілікті атқарушы органдар бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша жалпы 2392 грант ұсынып отыр.

Фото: gov.kz

Гранттар өңірлердегі кадр тапшылығын азайту және жергілікті жерлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік беру мақсатында бөлінген.

Грант саны бойынша өңірлер арасында:

Астана – 303 грант;

Шымкент – 285;

Шығыс Қазақстан облысы – 270;

Батыс Қазақстан облысы – 211;

Абай және Түркістан облыстары – 200-ден;

Ақмола облысы – 199;Қарағанды облысы – 198;

Атырау облысы – 187;

Маңғыстау облысы – 163 грант бөлді.

Ал қалған өңірлердің әрқайсысы шамамен 100 гранттан ұсынып отыр.Үміткерлер бөлінген гранттар бойынша белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарын тапсыра алады.

Грант саны мен қабылдау тәртібі өңірге және білім беру бағдарламасына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Сайт Әкімшілігі