Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 7 жылға сотталды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хи пара алды деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Тиісті үкімді жұма күні Сеулдің Орталық аудандық соты шығарды.
Ким Кон Хи қызметтік ықпалын пайдаланып, лауазымдық тағайындаулар мен іскерлік мәселелерді шешуге жәрдемдескені үшін қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұған дейін прокуратура оған жеті жарым жыл түрме жазасын сұраған болатын.
Арнайы прокурор Мин Чжун Кидің мәліметінше, бұрынғы бірінші ханым ресми мәртебесін бірнеше рет жеке мақсаттарына пайдаланған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол кадрлық тағайындаулар мен бизнеске қатысты мәселелерде делдалдық жасағаны үшін бағалы сыйлықтар алып отырған.
Нәтижесінде сот Ким Кон Хиді жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, Ким Кон Хи – қызметінен шеттетілген Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы. Бұған дейін экс-президентке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына қосымша 30 жыл түрме жазасы тағайындалғаны хабарланған еді.
Еске салсақ, 2024 жылдың желтоқсанында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілгенін жариялаған еді. Оның бұл шешімі халықтың наразылығын туындатқан.