Қоғам

Трамп Таяу Шығыс елдерін Израильмен қарым-қатынасты реттеуге шақырды

Дональд Трамп Таяу Шығыстағы бірқатар елдерді, сондай-ақ Түркия мен Пәкістанды Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге шақырды.

Фото: из открытых источников

Шетелдік БАҚ мәліметінше, бұл мәселе 23 мамыр күні өткен әңгіме барысында көтерілген. Ақпаратқа сәйкес, Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы ықтимал бейбіт келісім жағдайында осы тақырыпты талқылаған.

АҚШ президенті Иран төңірегіндегі шиеленіс аяқталғаннан кейін Авраам келісімдеріне қосылмаған және Израильмен дипломатиялық қатынас орнатпаған мемлекеттер Тель-Авивпен байланысын жақсартады деген үміт білдірген.

Трамптың бұл ұсынысы Катар, Пәкістан және Сауд Арабиясы басшыларын таңғалдырған. Аталған елдер қазір Израильмен ресми дипломатиялық байланыс орнатпаған.

Сайт Әкімшілігі