Қоғам

Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режиміне көшеді

Мәжіліс 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Фото: ашық дереккөзден

Құжатқа 2024 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылған.

 Хаттама «Сырдария – Малик» және «Целинный – Ок олтин» өткізу пункттерінің мәртебесі мен жұмыс режимін «екіжақты» мәртебеден «халықаралық (көпжақты)» мәртебеге ауыстыру, сондай-ақ жұмыс режимін «күндізгі уақыттан» «тәулік бойы» режимге өзгерту көзделген.

Бұл өзгерістер өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар ағынын жеделдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға бағытталған.

Сайт Әкімшілігі