Оқиғалар

Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы аумағында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Фото: из открытых источников

Ведомство мәліметінше, жер дүмпуі 2026 жылғы 26 мамырда Астана уақытымен сағат 11:28-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары – солтүстік ендіктің 50,47 градусы және шығыс бойлығының 76,47 градусы. Жер сілкінісінің тереңдігі 30 шақырым болған. Энергетикалық класы – 10,7. MSK-64 шкаласы бойынша есептелген қарқындылық Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылында 2 балл болып тіркелген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сайт Әкімшілігі