Өңір

Қостанайда зейнеткерді өз пәтерінде өлтіріп кеткен

Қостанайдағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіт табылды. Күдікті ұсталып, қамауға алында, деп хабарлайды Zhasalash.kz Костанайские новости сайтына сілтеме жасап.

Фото: из открытых источников

Аталған фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады. Пәтерден 61 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп түсіндірді полиция департаменті.

Т. РАУШАНҰЛЫ