«Путин, Қазақстаннан кет!» деген жазу жариялаған белсендіні полиция ұстап әкетті
Көкшетауда белсенді Марат Жанұзақовты полиция қызметкерлері ұстап әкеткені хабарланды.
Бұл туралы оның қызы Айман Жанұзақова Facebook парақшасында жазды.
Айтуынша, белсенді Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарына қарсылық білдіріп, әлеуметтік желіде «Путин, Қазақстаннан кет!» деген жазуы бар плакаттың суретін жариялаған.
Еске салсақ, 2024 жылы да Марат Жанұзақов Путиннің Қазақстанға келуіне қарсы шыққаны үшін «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылған еді.