Қоғам

Жамбыл облысында «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: из открытых источников

Тергеу мәліметінше, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, азаматтарға «күн сайын пассив табыс» табуға мүмкіндік барын айтып, инвестиция салуға үгіттеген.

Анықталғандай, жүйе көпдеңгейлі маркетинг қағидатымен жұмыс істеген. Яғни қатысушылардың табысы жаңа салымшыларды тарту арқылы қалыптасқан.

Ұйымдастырушылар жобаны шетелдік активтерге инвестиция құятын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған.

Қазіргі мәлімет бойынша қаржы пирамидасына 370-тен астам адам тартылған. Салымшылар Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Алматы қаласынан анықталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі