Әлеумет

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

KAZ Minerals компаниясына қарасты Артемьев шахтасында өндірістік оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмды. Бұл – мамыр айының басынан бері аталған кәсіпорында тіркелген екінші өлім жағдайы.

Фото: ашық дереккөз

Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға 2026 жылғы 30 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында болған. «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында тау жыныстарының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапқан.

Оқиғадан кейін апат болған учаскедегі барлық жұмыс дереу тоқтатылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар мен салалық мамандардың қатысуымен арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 9 мамыр күні осы Артемьев шахтасында шаң-тозаң және желдету қызметінің механигі қаза тапқан болатын. Осылайша, мамыр айында аталған кеніште екінші рет адам өлімі тіркеліп отыр.

Сайт Әкімшілігі